Көрәш
Көрәш - татар халқының көне ұлттық белбеу күресі. Бұл жекпе-жек өнеріндегі балуанның басты мақсаты – рұқсат етілген әдістердің кез келгенін қолдана отырып, қарсыласының жауырынын жерге тигізу. О баста жиын-тойлардың көркін қыздыру үшін өтетін бұл күрес өнері келе-келе жауынгерлерді шыңдайтын кәсіби дайындыққа ұласты. Бүгінгі күні татар күресі халықаралық деңгейде мойындалған кәсіби спорт түріне айналды.