• ҚОРЫТЫНДЫ ХАТТАМАЛАР
  • Медаль саны
  • Ойындар туралы
    • Ойындар тарихы
    • Өткізілу күндері
    • Қатысушылар
    • Ұйымдастыру комитеті
    • Біздің команда
    • Ойындардың инфрақұрылымы
    • Ойындардың Ашылу және Жабылу рәсімдері
    • Ойындардың айдентикасы
    • Байланыс
  • Астана Туралы
  • Ойындардың нысандары
  • Спорт бағдарламасы
  • СПОРТ ТҮРЛЕРІ
  • Бірлік керуені
  • Мәдени бағдарлама
  • Ғылыми бағдарлама
    • Тыңдаушы болуға өтініш
    • Баяндамалар түйіндері
    • Резолюция конференции
  • «Көшпенділер ғаламы» Этноауылы
  • Медиа
    • Жаңалықтар
    • Фотогалерея
  • Қатысушылар үшін
  • Ерікті бол
  • БАҚ аккредитациясы
  • Билеттер
    • Көрермендер ережелері
  • Туристер
  • Кіру талаптары
  • ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
АСТАНА 2024 5-ШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ
Ойындар
аяқталды!
ҚОРЫТЫНДЫ ХАТТАМАЛАР Медаль саны
ҚОРЫТЫНДЫ ХАТТАМАЛАР Медаль саны
Рус Eng

СПОРТ ТҮРЛЕРІ

  • Басты бет
  • СПОРТ ТҮРЛЕРІ
  • Көкпар

Көкпар


ҚОРЫТЫНДЫ ХАТТАМАЛАР

Жарысқа 18 жастағы және одан асқан спортшылар жіберіледі. Командалардың киім үлгілері бірдей болуы керек.

Команданың құрамы: 12 спортшы, 1 бапкер, 1 команда жетекшісі, 4 жылқышы, 1 мал дәрігері.

Көкпар алаңы екі командаға тең бөлінеді. Көкпар алаңының пара- метрлері: ұзындығы 220 м, ені 70 м. Мәре алаңы 3 метрлік диаметрмен (шеңбер) орнатылған. Екі команданың «мәре» шеңберлерінің арасындағы қашықтық 180 м. Орталықтан «шеңберге» дейін 90 м. «Мәреден» ойын алаңының сыртқы сызығына дейін 20 м. «Шеңберден» айыппұл алаңына дейін 35 м, орталық шеңбер мен екі жақтағы шеңберлердің диаметрі 8 м. Команда капитандары жеребе тастау арқылы өз мәресін анықтайды да, мәре сызығына жалауын орнатады. Сайыс әрқайсысы 20 минутқа созылатын екі кезеңнен тұрады. Кезеңдер арасында 10 минуттық үзіліс болады. Үзілістен кейін командалар мәре сызығын ауыстырады. Жарыс кезінде команданың жанында екі адамнан артық болмауы керек: 1 жаттықтырушы, 1 команда жетекшісі.

Жеңіс өз шеңберіне (мәре сызығына) ең көп серке (нақпішін) тастаған командаға беріледі. Серкенің (нақпішін) салмағы 30-33 келіден аспауы керек.

Кездесудің негізгі уақыты біткенде екі команда тең түссе, 5 минуттық үзіліс беріледі, мәре кейінге шегеріледі және қосымша 10 минут уақыт беріледі. Осы уақытта шеңберге бірінші түсірген (салымды) топ жеңеді. Егер коман- далар белгіленген уақытта шеңберге түсіре алмаса, онда жеңімпаз жекпе- жек арқылы анықталады. Яғни, екі командадан бір-бір ойыншы ортадағы шеңбердің ішіне кіреді. Төреші серкені екі ойыншының ортасына лақтырады, қай ойыншы серкені ұстап алып, өз шеңберіне орналастырса, соған ұпай есептеледі. Бұл бағытта әр командадан үш ойыншыдан үш кездесу өт- кізіледі. Жеңімпаз топ ұпайлардың жалпы санымен анықталады. Әрбір сай- ыс әдісіне 3 минут уақыт беріледі, егер бұл уақытта ұпай жиналмаса, төреші жекпе-жекті тоқтатады да, келесі жұп шақырылып, жекпе-жекті бастайды. Жекпе-жек кезінде серке шектен шығып (сыртқа), ұрыс тоқтатылып, келесі жекпе-жек жалғасады. Ойындардың басталуына бір күн қалғанда спорт түрі бойынша төрешілер алқасы командалардың өкілдерімен бірлесіп тех- никалық кеңес өткізеді, онда жеребе тасталады және берілген өтінімдер санына байланысты жарысты өткізу тәртібі белгіленеді.

Жарыстар Қазақстан Республикасының «Көкпар» федерациясының ережелері бойынша өткізіледі.

  • КӨКПАР ЕРЕЖЕСІ

    (*.pdf
    4.49 Мб.)
Қайта оралу

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары
Астана 2024

5-ШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫН ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКЦИЯ

010000, Қазақстан Республикасы
Астана қаласы, Қонаев көшесі, 14/3

www.kazsportinvest.kz

office@kazsportinvest.kz

Байланыс телефон нөмірі:

- 1355    - 109

Эл. пошта (Сұрақтар бойынша):
office@wng.kz

Мобильное приложение

IOS приложение
Android приложение
© Астана 2024 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары
Интернет Решения  құрастырған

«Астана 2024. 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындары» сайтында жарияланған барлық материалдар тек қана жеке пайдалануға арналған.

Ақпаратты көпшілікке тарату сайт әкімшілігінің жазбаша келісімімен ғана мүмкін болады.